A- A A+
Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Ақмола облысының
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі туралы қызмет алушының жадынамасы

Қызмет беруші туралы ақпарат

«Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ   Көкшетау қ., Абай к-сі 89,. 309 каб, жұмыс тәртібі сағат 9:00 дан бастап сағат 18:30 ға деін ғаламтор- ресурстарының мекен жайы upt.akmo.gov.kz

Мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша азаматтардың өтініштерін қабылдау мен нәтижесін беретін мекемелері жөнінде ақпарат

Мемлекетік қызмет алуына өтініштерін қабылдауы арқылы іске асырылады:

1)      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2)      Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

3)      www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб–порталы (бұдан әрі – Портал).

көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес 13.00-дан бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін

Қабылдау сағат 9.00-ден бастап 17.30-ге дейін түскі үзіліспен 13.00-дан бастап 14.30-ға дейін Көкшетау қ., Абай к-сі 89,. 3 қабат, 309 каб, тел.: 8 (7162) 25-10-40, жұмыс тәртібі сағат 9:00 дан бастап сағат 18:30 ға деін ғаламтор- ресурстарының мекен жайы upt.akmo.gov.kz жерде, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес ХҚКО жұмыс кестесі – дүйсенбіден бастап сенбіге дейін қоса, түскі үзіліссіз, демалыс пен мерекелік күндерін қоспағанда жалпы жұмыс кестесі бойынша сағат   9.00 ден бастап сағат 20.00 ге дейін.

ХҚКО мекен жайлары мен телефондары, www.con.gov.kz. ғаламтор-ресурсінда көрсетілген.

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қөрсетілетін қызметін алу тәсілі туралы ақпарат

«Электрондық лицензиялау» порталы www.elicense.kz:

  1. Осы парақтағы қажетті көрсетілетін қызметтің тармағы бойынша сілтеме арқылы ауысып кіру, содан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» веб-порталы ашылады»:
  2. браузерге электрондық цифрлық қолын алдын ала орнатып жүйеге кіру немесе «электрондық   лицензиялау» порталында тіркеліп жүйеге кіру;
  3. «электрондық лицензиялау» порталы парағында «онлайн қызметіне тапсырыс беру» түймешігіне басып қажетті іс-әрекеттің тармағын таңдау және «Әрі қарай» түймешігін басып кіру.
  4. Қызметтің түпнұсқасында құжаттардың топтамасымен танысу және   «онлайн қызметіне тапсырыс беру» түймешігіне басып кіру.
  5. Қажетті деректемелерді көрсетіп, өзіңіздің ЭҚК   қолыңызды қойып өтініш толтыру;.
  6. Жеке кабинетінің «Менің өтініштерім» тармағындағы берілген өтініштің мәртебесін анықтауға болады. Рұқсат алу туралы, алған ескерту туралы «Менің рұқсат берілген құжаттарым» тармағында  «Менің ескертулерім» тармағында білуге болады.

Маңызды! РК «электрондық лицензиялау» порталында жұмыс істеу үшін браузерге   өзіңіздің ЭЦК орнату керек.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-ға, сондай-ақ порталға өтінген жағдайда құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

ХҚО жүгінген кезде қабылдану күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету қорытындысын қызмет көрету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда береді;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттардың тізімдемесі

1)     көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш;

түстік шешімі және өлшемдері бар объектінің эскизі;

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

2)     порталға:

көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы орналасқан жері көрсетілген сұрау салу;

түстік шешімі және өлшемдері бар объектінің эскизі.

Жеке тұлғаның тіркелуін (қайта тіркелуін), жеке кәсіпкер ретінде тіркелуін растайтын құжат мәліметін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО жұмыскері құжаттардың электрондық көшірмесін жасап, одна кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

ХҚО дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатының негізінде, жеке келген кезде қол қойғызып және жеке басын не уәкілетті өкілді: өкілеттігін растайтын құжат бойынша занды тұлғаны; нотариат куәландырған сенімхат бойыншы жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсыну бойынша жүзеге асырылады.

ХҚО нәтижені бір айлық мерзімде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрестілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда, ХҚО сұрау салу бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге – өтініш қағаз тасығын қабылдауды растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп, тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады;

ХҚО – тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні көрсетіліп, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрінеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға паспорт болып табылады.

Қосымша ақпарат

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметімен байланысу телефондары: 8 (7172) 24-04-06. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірегей байланыс-орталығы: 1414.

 

 

Мақаланың шыққан күні: 09.02.2016 15:24
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.07.2016 16:16
Қаралым саны: 3005

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, АБАЙ КӨШЕСІ, 89

8 (7162) 25-10-40, 25-19-00;

transp@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-18-65, 25-26-39