A- A A+
Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Ақмола облысының
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Ауылдық елдi мекендердi интернетке кең жолақты қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету бойынша анықтама

Бүгiнгi күнi Ақмола облысында 590 ауылдық елдi мекен бар.

Облыстың барлық аудандық орталықтар «Қазақтелеком» АҚ-ның талшықты-оптикалық байланысымен және байланыс қызметтерiмен қамтылған.

Интернет желiсiне қатынау қызметтерi 481 (81,5%), соның iшiнде ТОБЖ (Талшықты-оптикалық байланыс желiсi) көлiк ортасы көмегiмен — 175 ауыл, РРЖ (Радио-релелiк желiсi) бойынша — 54 ауыл, КБЖ (Кабельдiк желiсi бойынша) — 34, «Радиокөпiр» технологиясы бойынша — 25 ауыл және CDMA/EV-DO (CDMA-450 желiссiз қолжетiмдiлiк) — 193 ауыл.

Интернетке қатынаусыз 109 (18,3%) ауылдық елдi мекен.

Мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк жобасы аясында (ТОБЖ технологиясы бойынша) ауылдық елдi мекендердi кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету бойынша 2018 жылы Аршалы ауданының Анар ст.1 ауылы, 2019 жылы — 1 Қаражар ауылы қосылды, сонымен қатар ағымдағы жылы 46 елдi мекенде интернет ұсыну сапасын жақсарту және қосу жоспарлануда (ағымдағы жылдың өткен кезеңiнде 12 АЕМ қосылды).

Мәлiмет үшiн:

«Қазақтелеком» АҚ-на 36 АЕМ бекiтiлген, оның iшiнде қазiргi уақытта 4 АЕМ-ге ТОБЖ қосылды (Целиноград ауданы Қаражар А., Бурабай ауданы Веденовка А., Шортанды ауданы Новеселовка А., Жолымбет А.) және Интернетке қатынау қосылды, ТОБЖ өткiзу және қалған 32 СПН «Қазақтелеком» АҚ ағымдағы жылдың соңына дейiн интернетке қосуды жоспарлануда;

«Транстелеком» АҚ-на 10 АЕМ бекiтiлген, оның iшiнде қазiргi уақытта барлық 10 АЕМ-ге ТОБЖ қосылдыi (Ақкөл ауданы Новорибинка ауылы, Аршалы ауданы Берсуат ауылы, Костаниновка ауылы, Михайловка ауылы, Бұланды ауданы Никольское ауылы, Ерейментау ауданы Бестоғай ауылы, Селетi ауылы, Зерендi ауданы Еленовка ауылы, Шортанды ауданы Степное ауылы), Интернетке қатынау ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне жоспарланған;

Сонымен қатар, 2018 жылғы 12 қазандағы № 1 қосымша келiсiммен «Транстелеком» АҚ-на 2 АЕМ (Викторовка және Зерендi ауданы Айдарлы а.) бекiтiлген, Қазiргi уақытта ТОБЖ ұзындығы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргiзiлуде, интернетке қолжетiмдiлiк ұсыну ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне жоспарланған;

Қазiргi уақытта 250-ден астам тұрғыны бар 350 ауылдық елдi мекеннiң 274-i немесе 78% — ы кең жолақты Интернетке қосылған.

Сондай-ақ, халық саны 250 және одан жоғары АЕМ ұтқыр Интернетке сапалы қол жеткiзудi қамтамасыз ету мақсатында, 2020 жылға арналған жоспар-кесте бекiтiлдi. Осы жоспар-кестеге сәйкес, ағымдағы жылы ұялы байланыс операторлары халқының саны 250 және одан жоғары 89 АЕМ-де базалық станцияны жаңғырту және салу бойынша жұмыстарды жүргiзудi жоспарлануда.

Облыстың барлық 556 бiлiм беру мектебi (100 %) 4 Мбит/сек және одан жоғары жылдамдықпен кең жолақты Интернетке қосылған (260 мектеп (46,7%) Wi-Fi желiсiне қосылған, ағымдағы жылы қалған 296 мектепте Wi-Fi желiлерiн орнату бойынша жұмыстар бюджет қаражатының бөлiнуiне қарай жалғасады).

Облыстың 562 мемлекеттiк медициналық ұйымының 472 (83,9%) интернет желiсiне қосылған (оның iшiнде 38 медициналық ұйым аудандық деңгейге дейiн Интернетке қосылған, 432 аудандық деңгейден төмен), 92 (16,4%) ұйым аудандық деңгейден төмен, 90 медициналық пункт және 2 фельдшерлiк — акушерлiк пункт қосылған жоқ.

Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ Ақмола МЖАУ (магистральдық желiнiң аумақтық учаскесi) өз күшiмен 2019 жылы Алакөл ауданының Наумов ауылы бағытында талшықты-оптикалық байланыс желiлерi салынды, ағымдағы жылы 1 Гбит/с деректердi беру жылдамдығымен Есiл ауданының Орловка ауылында (1 км құны шамамен 1,5 млн. теңгенi құрайды, 2020 ж. желiнiң ұзындығы — 41 км.)

5-шi буын (5G) технологиясын тестiлеу бойынша пилоттық жоба шеңберiнде бұрын Ақкөл қаласы анықталды, онда LoRaWAn технологиясы бойынша жұмыс iстейтiн 7 базалық станция (IoT) орнатылды және желiсге қосылған.

Сондай-ақ, ұялы байланыс пен мобильдi интернеттiң сапасын жақсарту мақсатында, Щучинск-Бурабай курорттық аймағында және «Нұр-сұлтан-Щучинск» автобаны бойында 11 антенна — дiңгек құрылысын салу және ұялы байланыстың базалық станцияларын орнату бойынша жұмыстар жүргiзiлдi (Бурабай кентiнiң Советская көшесi, Қатаркөл ауылы, Сарыбұлақ ауылы, «Ракушка» қарау алаңы, «Санаторная» подстанциясы, Бұланды ауданының Қарағай ауылы (Сосновка), Бурабай-Көкшетау трассасы, Красный Горняк ауылы, Бурабай — Щучинск — Сарыбұлақ жол айрығы, ЩБКА-дағы көгiлдiр шығанақ лагунасы).

2018-2020 жылдар аралығында биiк ғимараттар салуға маманданған кәсiпорынмен («Ваккав» ЖШС) бiрлесiп, телекоммуникация комитетiмен 10 антенна-дiңгектi ғимарат салынды (1 АМС бұрын Сарыбұлақ ауылында 2015 жылы «Ваккав» ЖШС-мен салынды).

Жобаларды iске асыру кезiнде Щучье-Бурабай курорттық аймағы мен Нұр-сұлтан — Бурабай автомагистралiнiң аумағында ұялы байланыстың сапасын жақсартуға баса назар аударылды.

Бұл мақсатпен әкiмдiкпен байланыс тiректерiн орналастыруға және қажеттi жабдықтарды орнатуға 10 жер учаскесi бөлiндi, сондай-ақ электрмен жабдықтау қамтамасыз етiлдi.

Телекоммуникация комитетi ұялы байланыс операторларымен (Beeline, K-cell, Active,Tele-2, «АЛТЕЛ») бiрлесiп антенна-дiңгек құрылыстарында жабдықтарды монтаждау және күйге келтiру бойынша мiндеттемелер қабылдады.

Бүгiнгi күнi 10 объектiде базалық станциялар құрастырылып, жөнге келтiрiлдi, Билайн «АМС — Голубой залив» ұялы байланыс жабдықтарын құрастыруды және жөндеудi бастауды жоспарлануда.

Iске қосылған станцияларды есепке ала отырып, жүргiзiлген техникалық өлшеулердiң нәтижелерi тек ұялы байланыспен ғана емес, сонымен қатар ЩБКА мен автотрасса аумағындағы мобильдi интернетпен қамту сапасының айтарлықтай жақсарғанын көрсеттi.

Ауылдық елдi мекендерде кең жолақты интернет ұсыну сапасын жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда.

Мақаланың шыққан күні: 15.06.2020 17:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.06.2020 17:57
Қаралым саны: 314
Пост наблюдения загрязнения воздуха
мкг/м3

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, АБАЙ КӨШЕСІ, 89

8 (7162) 25-10-40, 25-19-00;

transp@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-18-65, 25-26-39