A- A A+
Ақмола облысының
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Басқарма туралы

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 16 маусымдағы
№ А-7/301 қаулысымен
бекiтiлдi

 

«Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары
басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы
ереже

1.Жалпы ережелер

1. «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Ақмола облысында жолаушылар көлiгi мен автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы және мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланктерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарында шоттары бар.

4. «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiгi болған жағдайда, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

6. «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша басқарма басшысының бұйрықтарымен рәсiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89.

9. Мемлекеттiк мекеменiң толық атауы: «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджет есебiнен жүзеге асырылады.

12. «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2.Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттемелерi

13. «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы:

автомобиль жолдары, жол қызметiнiң және автомобиль көлiгiнiң саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру.

14. Мiндеттерi:

1) жолаушылар көлiгi мен облыстық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолдарының саласында мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ету;

2) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары мен жолаушылар көлiгi саласындағы мониторингi пен заңнамалық актiлерi және басқада нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуына талдауды қамтамасыз ету.

15. Функциялары:

1) тұрақты қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысаралық) жолаушыларды және жүктi тасымалды ұйымдастыру, оған қызмет көрсету құқығына конкурс өткiзу;

2) жолаушыларда және жүктi тұрақты ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) автомобиль тасымалдарының қозғалыс кестелерi мен бағыттарын бекiту;

3) автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерi қызметiнiң басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;

4) жолаушыларды және жүктi тұрақты ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) автомобиль тасымалдары бағыттарының тiзiлiмiн жүргiзу;

5) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендiк сызбасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу;

6) әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық, облысiшiлiк) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру барысында тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асыру;

7) рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;

8) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының құрылысы мен реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;

9) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желiсiн басқару;

10) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы мен реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзгенде мемлекеттiк бақылады жүзеге асыру;

11) Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық комиссиясы жұмыс органының функцияларын орындау;

12) ондай шешiмдi тасымалдаушы қабылдаған жағдайларды қоспағанда, ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) қатынастарда және қаламаңы темiр жолында жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөнiндегi шешiмдер қабылдауды дайындау;

13) қызмет көрсету өңiрiнiң шегiнде механикалық көлiк құралдары мен оның тiркеуiштерiн мiндеттi техникалық тексеруден өткiзу кестесiн келiсу;

14) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жол жолағында сервис объектiлерiн орналастыруға құжаттарды беру;

15) жолаушыларды және жүктi тұрақты қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) автомобильмен тасымалдауын ұйымдастыру шарттарын жасасу;

16) жолаушыларды мен багажды тұрақты қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) автомобильмен тасымалдауға қызмет көрсету құқығына куәлiк беру, сондай-ақ белгiленген тәртiпте тұрақты жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыру құқығының әрекетiн тоқтата тұру және рұқсат беру құжаттарын (куәлiктердi) керi қайтару;

17) мемлекеттiк қызмет көрсету;

18) қалааралық, облысаралық ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты жолаушыларды тұрақты емес тасымалдау, бойынша қызметпен айналасу, сондай-ақ халықаралық қатынастарда шағын автобустармен, автобустармен жолаушыларды тұрақты тасымалдау үшiн лицензия берiлгенге дейiн рұқсат беру бақылауын жүзеге асыру;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру.

16. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) облыстағы әлеуметтiк-экономикалық дамыту жоспарларын әзiрлеуге және келiсуге, соның iшiнде көлiктегi жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мен жол саласын дамытуға қатысу;

2) өз құзыретiнiң аясында нормалар және стандарттар талаптарын сақтауда, кәсiпорындармен жүзеге асырылатын жолаушылар тасымалдары мәселелерi және жол саласын ұйымдастыру бойынша келiсiмдердiң және шарттардың орындалуына бақылау жүргiзу;

3) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру мәселелерiнде жергiлiктi атқарушы органдармен өзара әрекет ету, көлiктiк және жол кешенiн, автомобиль жолдарын жөндеу мен күтiп ұстауды басқару, жергiлiктi маңызы бар жолдардың жағдайын бақылау;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басқару функцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi, меншiк нысанынан тәуелсiз, көлiктiк кәсiпорындарынан және жол саласы ұйымынан қажет болған жағдайда ақпарат сұратып алу.

3.Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

17. «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне басшылық ету жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшы жүзеге асырады.

18. «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемеciнiң басшысы облыс әкiмiнiң өкiмiмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. Басшының өкiлеттiгi:

«Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң бөлiмдерi басшыларының және өзiнiң орынбасарларының мiндеттерiн мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн лауазымда тағайындайды және лауазымнан босатады;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiпте «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн ынталандыру, материалдық көмек көрсету, мемлекеттiк мекеменiң лауазымдық тұлғаларын тәртiптiк жазалау мәселелерiн шешедi;

«Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы, штат санының лимитi шегiнде штат кестесiн, басқарма қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сәйкес «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн барлық мемлекеттiк органдарда және басқа мекемелерде ұсынады;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шара қабылдайды және ол үшiн жеке жауап бередi;

«Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң атынан сенiмхатсыз әрекет етедi және оны қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк органдарда және басқа да мекемелерде ұсынады;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте басқа да құзырындағы мiндеттерiн атқарады.

Басқарманың басшысы болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес, «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының мiндетiн оны алмастыратын тұлға атқарады.

20. «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалып және қызметтен босатылатын орынбасары бар.

Басшы өзiнiң орынбасарының өкiлеттiгiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтайды.

4.Мемлекеттiк органның мүлкi

21. «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiктен, сондай-ақ (ақшалай кiрiстер көздерiн қоса) өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiктен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тиым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

22. «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық мүлiкке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5.Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.07.2016 16:01
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

г. Кокшетау, ул. Красная, 23

8 (7162) 25-10-40, 25-19-00;

akmolauprdor@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-18-65, 25-26-39