A- A A+
Ақмола облысының
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

«Ақмола облысының
жолаушылар көлiгi және
автомобиль жолдары
басқармасының басшысының м.а.
2017 жылғы 17 мамырдағы
№ 70/1 н/қ бұйрығымен
бекiтiлдi

«Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль
жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекеменiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стандарты

Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нiң қызметiнде және басқарма қызметкерлерiнiң арасында жемқорлық жағдайларының туындауына жол бермеу мақсатында әзiрленген.

1. Қоғамдық қатынас саласының атауы:жолдар құрылысы және көлiк.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзiрлеушiнiң атауы: «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» ММ.

3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс iстейтiн адамдар iс-әрекет қағидалары:

3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру кезiнде:

- Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жұмыс жасау;

- ҚР Заңдарына сәйкес мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүргiзу;

- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен оларды қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтiнiштерiн заңмен белгiленген тәртiпте, мерзiмде қарау және қажеттi шаралар қолдану;

- мемлекеттiк қызметтер және өзге де рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру барысында көзделмеген құжаттардың сұралуына, яғни әртүрлi төрешiлдiкке (бюрократияға) жол бермеу;

- лауазымдық өкiлеттiлiктерiн орындау барысында саяси партиялар мен қоғамдық және дiни қауымдастықтардың қызметтерiнен тәуелсiздiк және бейтараптық таныта бiлу;

- нормативтiк құқықтық актiлерде сәйкес келмеу және әртүрлi түсiнiктемелер анықталған жағдайда, нормативтiк құқықтық актiнi дайындаған құзiреттi органға дереу хабарлау;

- мемлекеттiк қызметтiң тұтынушысы ретiндегi халықтың талаптары мен сұраныстарына бағдарлана отырып, көрсетiлетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң сапасын арттыру үшiн әрдайым қажеттi шаралар қолдану;

- лауазымдық өкiлеттiлiктерiн орындау барысында, ҚР Заңдарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың жеке өмiрi және ар-намысын қозғайтын мәлiметтердi жария етпеу және олардан мұндай ақпарат берудi мұқтаждамау;

3.2. өз құзiретi шеңберiнде басқарушылық және өзге шешiмдердi даярлау және қабылдау кезiнде:

- мүдделер қақтығысының туындау мүмкiндiгiне жол бермеу үшiн, кез келген шаралар қабылдау.

- бақылау және өзге де шараларды жүргiзу барысында шешiм шығаруды талап еткен жағдайда, мәселелердi объективтi, заңға сәйкес шешiм қабылдау.

- мемлекеттiк қызметкердiң құзырына кiретiн шешiм шығару кезiнде, өзiмен заңда көрсетiлген мiндеттерiн орындауына қатысты ешқандай материалдық игiлiктер, қызмет атқарулар және өзге де артықшылықтарды қабылдамау;

- өз өкiлдiктерiн берiлген құқықтары шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес атқару;

- көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер бойынша жасырындық сақтау және қызметтiк, коммерциялық сырды қамтамасыз ету;

- қызметтiк мiндеттердi атқару барысында жеке және заңды тұлғалардың қалауына бас имеу, олардың ықпалынан тәуелсiз болу;

- еңбек тәртiбiн мүлтiксiз сақтау, берiлген мiндеттерiн тиiмдi пайдалану; қызметтiк мiндеттерiн адал, әдiл және сапалы атқару; жұмыс уақытын тиiмдi пайдалану.

3.3. нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға ұсыныс беру кезiнде:

- нормативтiк құқықтық актiлерге ұсыныс беру кезiнде ҚР 2016 жылғы 6 сәуiрiндегi №480-V ҚРЗ «Құқықтық актiлер туралы» заңына қатаң сүйiну;

- нормативтiк құқықтық актiлердiң өзiне және үшiншi тұлғалардың игiлiгiне пайда табу мақсатында қабылдануына жол бермеу;

- белгiсiз орта тұлғалары және нақты жеке тұлғаларға назарына айналуы қажет.

3.4. тiршiлiк әрекетi саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым қатынастар кезiнде:

- мемлекет мүдделерiне шығын келтiретiн немесе мемлекеттiк органдардың жұмысына бөгет болатын және тиiмдiлiгiн түсiретiн әрекеттерге жол бермеу.

- заңмен белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатын қателiктер мен өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу;

- iскерлiк әдеп пен ресми тәртiп ережелерiн сақтау;

- басқа мемлекеттiк қызметкерлер тарапынан қызметтiк әдеп нормаларын бұзушылығын болдырмау немесе бетiн қайтару бойынша шаралар қолдану;

- ұжымда, әрiптестердiң ар намысы мен абыройына нұқсан келтiретiн жеке және кәсiптiк қасиеттерiн талқылаудан ұстану;

- басшылықтың тапсырмаларын орындау барысында тек объективтi және тексерiлген ақпараттар ұсыну.

4. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар

- Конституцияны және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк қызмет

туралы заңнама талаптарын сақтау;

- Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi сақтауға;

- мүлiктiк және мүлiктiк емес игiлiктер мен артықшылықтарды алу немесе табу мақсатында, таратылуға жатпайтын қызметтiк және өзге де ақпаратты пайдалану;

- әрiптестерiне, басшыларына және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлықтар сыйлау;

- қызметтiк өкiлеттiгiн орындалуына байланысты қабылдауға сыйлықтар;

- басқа да адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға бейiмдемеуге және көтермелемеуге;

- кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.08.2017 18:13
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

г. Кокшетау, ул. Красная, 23

8 (7162) 25-10-40, 25-19-00;

akmolauprdor@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-18-65, 25-26-39