A- A A+
Ақмола облысының
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
ЭКСПО 2017 ХМК темiр жол көлiгiмен ұйымдасқан топты тасымалдау тәртiбi

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында «ЭКСПО — 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесiне дайындық жүргiзу шеңберiнде ЭКСПО билетiнiң құнын темiр жолмен жүру құжатына (билет) қосу мәселесi бойынша, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлiгi Көлiк комитетi «Қазақстан темiр жолы» ҰҚ» АҚ және «Жолаушылар тасымалы» АҚ бiрлескен осы тапсырманы жүзеге асыру механизмi әзiрленген.

I.Астана ЭКСПО дисконттық картасы

Кез келген жолаушы Астана ЭКСПО дисконттық картасын қалауы бойынша сатып ала алады, ол оған:

Тұлпар-Тальго коммерциялық поездарында жүруге 15% жеңiлдiктi ұсынады (2017 жылдың аяғына дейiн);

Сыйлыққа 1 ЭКСПО премиум билетi демалыс күнiнде ашық күнiмен (бүгiн осындай ЭКСПО билетi ЭКСПО кассаларында құны 8000 теңге);

Дисконттық картасының құны — 9999 теңге.

Дисконттық карталарды Астана, Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Жамбыл (Тараз), Защита (Өскемен), Атырау, Орал, Манғышлақ (Ақтау), Павлодар, Петропавловск, Қызылорда, Қостанай, Семей, және басқа iрi темiр жол вокзалдарының барлық билет кассаларында сатып алуға болады.

II.Коммерциялық қызмет (т/ж билетi + ЭКСПО билетi)

Жолаушы темiр жол кассаларында кешендi қызметтi алуы мүмкiн, оған «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүруге 2000 теңгеден жоғары сомасымен ЭКСПО билетiмен бiрге т/ж билетi кiредi (қосымша өтемақы үшiн).

ЭКСПО билетiнiң 3 түрi ұсынылады:

1)Күнi қойылған, жұмыс күнi баруға болатын ЭКСПО билетi, яғни жолаушы көрмеге жұмыс күнi бару үшiн нақтылы бiр күндi таңдауы тиiс;

2)Күнi қойылған, демалыс күнi баруға болатын ЭКСПО билетi, яғни жолаушыға көрмеге демалыс күнi бару үшiн нақтылы бiр күндi таңдауы тиiс;

3)Күнi қойылмаған, демалыс күнi баруға болатын ЭКСПО билетi, яғни жолаушы осындай ЭКСПО билетiмен көрмеге кез келген демалыс күнi бара алады.

Кешендi қызметтi сатып алған кезде жолаушы 1600-ден 4000 теңгеге дейiн үнемдеуi мүмкiн (ЭКСПО билет түрiне байланысты). ЭКСПО билеттерi жеке сатылмайды.

Қызметтi, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ мекен-жайына өтiнiм жолдаумен жолаушылар тобы (10 адамнан көп) үшiн ресiмдеуге болады.

Қосымша ақпаратты 8 (7172) 60 02 49 телефоны арқылы, www.temirzholy.kz сайтында немесе 105 ақпараттық қызметiнде алуға болады.

 

ЭКСПО 2017 ХМК темiр жол көлiгiмен ұйымдасқан топты тасымалдау тәртiбi

1.Жол жүру құжатын (билет) қолма-қол ақшасыз резервтеу және ресiмдеу үшiн Қоғам атына, Астана қаласы, Қонаев көшесi, 6, «Б» блог, тел/факс 600-193 мекен-жайына өтiнiм жiберiледi

2.Жол жүру құжаты (билет) қолма-қол ақшаға ресiмделетiн кезде өтiнiм жолаушылар тасымалы жөнiндегi аймақтық филиалдарға жiберiледi:

- «Солтүстiк» филиалының мекен-жайы: Астана қаласы, Гете көшесi, 11, тел/факс 94-32-88, 93-32-30;

- «Батыс» филиалының мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Станса көшесi, 11 В, тел/факс 97-57-57, 97-58-16;

- «Оңтүстiк» филиалының мекен-жайы: Алматы қаласы, Тобаяков көшесi, 2/1, тел/факс 96-11-29, 96-19-48.

Ал, өтiнiмдердiң көшiрмесi Қоғам мекен-жайына жiберiлуi тиiс.

3.Жолаушылар пойыздарымен ұйымдасқан жолаушылар тобын (бұдан әрi — ҰЖТ), ұйымдасқан балалар тобын (бұдан әрi — ҰБТ) тасымалдауға арналған өтiнiм пойыз жөнелтiлгенге дейiн I тәулiктен кешiктiрмей қабылданады, жол жүру құжаттары (билет) пойыз жөнелтiлгенге дейiн 60 тәулiк бұрын сатыла бастайды.

Өтiнiмде: заңды тұлғаның атауы, орын саны, пойыз нөмiрi, вагон типi, пойыздың жолға шығатын күнi, жөнелтiлетiн және келетiн стансасы, жол жүру құжаттары (билет) ресiмделген пункт, егер қолма-қол ақшасыз ресiмделген болса, онда заңды тұлғаның деректемелерi көрсетiледi. Өтiнiмге ҰЖТ, ҰБТ аты-жөнi, жолаушының құжаттарындағы мәлiметтер (құжат нөмiрi, жынысы, азаматтығы, 15 жасқа дейiнгi балардың туған күнi) көрсетiлген тiзiм қоса берiлуi тиiс. Сондай-ақ жол жүру құжатын (билет) ЭКСПО билетiмен бiрге сатып алу қажеттiлiгi туындайтын болса, онда ҰЖТ, ҰБТ тiзiмiндегi ҰЖТ, ҰБТ мүшесiнiң аты-жөнiне қарсы жолда ЭКСПО билетiнiң санаты қосымша көрсетiледi.

4.Жолаушылар пойыздарынан орын резервтеу жаппай сатылымда орын болғанда ғана пойыз жөнелтiлгенге дейiн 60 тәулiктен 1 тәулiк қалғанға дейiн жүзеге асырылады, ал оның құны әр резервтелген орын үшiн ҚҚС қосқанда 150 теңгенi құрайды.

5.Жол жүру құжаты (билет) қолма-қол ақшасыз резервтелiп, ресiмделет кезде Қоғам тиiстi өтiнiмдi алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде төлем шотын (жол жүру тарифi + резерв үшiн төленетiн комиссиялық алым) жiбередi. Бұл кезде өтiнiм берушi 2 (екi) банк күнi iшiнде Қоғамның есеп шотына ақша аудару арқылы төлем жүргiзедi.

Жол жүру құжаты (билет) қолма-қол ақшаға резервтелiп, ресiмделетiн кезде оның ақысы Қоғам кассаларына төленедi, бұл ретте резервтеу қызметiнiң ақысы өтiнiм берiлген кезде МД 4-3 түбiртегi арқылы, ал жол жүру ақысы жол жүру құжаты (билет) ресiмделген кезде төленедi.

6.Жол жүру құжаты (билет) орын резервтелгеннен кейiн 15 күнтiзбелiк күн iшiнде, өтiнiм берiлген күнге байланысты пойыз жөнелтiлгенге дейiн 10 тәулiктен кешiктiрмей ресiмделедi.

Егер жол жүру құжаттары (билет) белгiленген мерзiм iшiнде ресiмделмесе, онда өтiнiмнiң күшi жойылып, орындар сатылымға қойылады, ал орын резервтеу ақысы қайтарылмайды.

7.Тапсырыс берушiге пойыз жөнелтiлгенге дейiн 7 (жетi) тәулiктен кешiктiрмей жазбаша өтiнiш беру арқылы ҰЖТ, ҰБТ аты-жөнi көрсетiлген тiзiмге өзгерiстер енгiзуге рұқсат етiледi. Алайда ресiмделген жол жүру құжатындағы (билеттегi) жолаушыны өзгертуге жаппай сатылымда орындар болған кезде ғана жол берiледi, бұл кезде алдыңғы жол жүру құжаты (билет) қайтарылып, жаңа жол жүру құжаты (билет) ресiмделедi.

Пайдаланылмаған жол жүру құжатының (билет) ақшасы Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлiгiнiң 2017 жылы 30 сәуiрдегi №545 бұйрығымен бекiтiлген темiр жол көлiгiмен жолаушыларды, багажды және жүкбагажды тасымалдау ережесiне сәйкес талап ету тәртiбi бойынша заңды тұлғаның есеп шотына аудару арқылы қайтарылады.

«Астана ЭКСПО 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесi өтетiн кезенде жолаушылар тасымалын уақытылы жоспарлау, орындарды уақытында резервтеп, жол жүру құжаттарын (билеттердi) уақытылы ресiмдеу мақсатында тиiстi өтiнiмдердi алдын ала жiберiп, мемлекеттiк мекемелер, туристiк фирмалар мен басқа да кәсiпорындарды өтiнiм беру тәртiбi жөнiнде хабардар етулерiңiздi сұраймыз.

Мақаланың шыққан күні: 28.04.2017
Қаралым саны: 471
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

г. Кокшетау, ул. Красная, 23

8 (7162) 25-10-40, 25-19-00;

akmolauprdor@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-18-65, 25-26-39