A- A A+
Ақмола облысының
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Көлік қызметкерлері күні кұтты болсын!

Бүгін «Достар» МҮ Ақмола облысы әкімінің орынбасары В.Л. Крыловтың қатысуымен Көлік қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты іс-шараға көлік саласының үш - автомобиль, теміржол және авиация еңбеккерлері қатысқан.

Іс-шара кезінде облыс әкімінің орынбасары көлік кешенінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Көлік саласы көп ғасырлық тарихы, өз дәстүрі бар және бүгінгі мереке – бұл дәстүр!

Біз Сізге адал еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз және іске берілдіктеріңіз үшін ризамыз.

Бүгін Сіздер көлік қызметтерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тасымалдаудың көлемін ұлғайтуға және инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған ауқымды, уақытпен талап етілетін міндеттерді шешесіздер.

Сіздер алдағы уақытта да тасымалдауды үздіксіз және ырғақты қамтамассыз ете отырып осы міндеттерді сәтті орындайтындарыңызды сенімдімін, ал жинақталған тәжірибе даңқты еңбек дәстүр, үлкен мемлекеттік қолдау – Сізге қойылған мақсаттарыңызға кол жеткізуге көмектеседі.

Сіздерге, құрметті көлік саласының кызметкерлері мен ардагарлері, мықты денсаулық, отбасылақ бақыт, табысты және тұрақты жұмыс, қауіпсіз жол және жолдарыңызда және ауада сәттілік тілеймін!» деді қорытындысында В.Л. Крылов

Құттықтау соңында Ақмола облысы Әкімінің орынбасары көлік саласының қызметкерлеріне Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттары және ведомстволық наградаларды табыс етті.

 

Құттықтау сөздермен «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» - ЖТ Ақмола бөлімшесі» акционерлік қоғамы филиалының директоры – Жаниязов Нұрым Лепесұлы сөз сөйледі, сондай – ақ ведомстволық наградалар және алғыс хаттар табыс етілді.

Салтанатты жиынның соңында мерекелік концерт өтті.

Іс – шараның соңында көлік саласы қызметкерлер ардагаерлеріне Ақмола облысының Әкімі атынан гүлдер табыс етілді.

 

 

Мақаланың шыққан күні: 04.08.2017
Қаралым саны: 416
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

г. Кокшетау, ул. Красная, 23

8 (7162) 25-10-40, 25-19-00;

akmolauprdor@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-18-65, 25-26-39