A- A A+
Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Ақмола облысының
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
«Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 6С-31-7 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Ақмола облыстық мәслихатының «Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 6С-31-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7128 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесінде:

реттік нөмірі 9-жолы жаңа редакцияда жазылсын:

«

9 «Өзен - Зеренді» ауданішілік

»;

келесі мазмұндағы «Ерейментау ауданы» бөлімімен толықтырылсын:

«

Ерейментау ауданы
29 Ерейментау қаласының № 1 маршруты қалалық
30 Ерейментау қаласының № 2 маршруты қалалық

».

Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы______________

Ақмола
облыстық мәслихатының
хатшысы___________

«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Мақаланың шыққан күні: 15.08.2019
Қаралым саны: 248

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, АБАЙ КӨШЕСІ, 89

8 (7162) 25-10-40, 25-19-00;

transp@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-18-65, 25-26-39