A- A A+
Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Ақмола облысының
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанынан бастап Көкшетау қаласының қалалық автобустық бағдарларында, Көкшетау қ. жолаушылар көлігін жаңғырту шеңберінде газ-моторлы жанармайдағы жаңа қалалық автобустарды тестілік пайдалану жүзеге асырылатын болады

Көкшетау қаласының құрметті тұрғындары мен қонақтары!

 

Көкшетау қаласының әкімдігімен «Көкшетау қ. жолаушылар көлігін жаңғырту» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жоба шеңберінде қалалық автобус паркінің 40-50% жаңарту көзделуде.

Автобустардың тұтынушылық, пайдалану, экономикалық қасиеттерін зерттеу, қоғамдық пікірді зерттеу мен аймақ үшін автобустардың қолайлы модельдерін анықтау мақсатында, Көкшетау қ. 11 желтоқсаннан бастап тұрақты қалалақ автобустық бағдарларда жаңа автобустарды тестілік пайдалану басталады.

Тестілік қызмет көрсетуге орта және үлкен сыйымдылықты, Евро-5 классты газ-моторлы жанармайдағы және басқа да заманауи талаптарға сәйкес келетін жаңа қалалық автобустар қолданылады.

Автобустарды пайдалану сұранысқа ие бағыттармен қызмет көрсетуді қамтамасыз етумен нақты жағдайларда жүргізіледі. Жолаушылардан тестілік автобуста жүру ақысы алынбайды.

Бірінші тестілік автобустың жұмыс режимі 16 желтоқсанға дейін жалғасады. Әрі қарай, автобустарды тестілеу дилерлер мен автобус өңдірушілерінен ұсыныстардың түсуіне қарай 2018 жылдың қаңтарының соңына дейін жүргізілетін болады.

Тестілік пайдалану автобустардың қызмет көрсету сапасына қатысты пікірлеріңізді, ұсыныстар мен ескертулеріңізді (87162) 90-10-80 Call-орталығына хабарласу арқылы қалдыра аласыз.

Тестілік режимін талдау қорытындысы автобустардың маркаларын анықтау және Көкшетау қаласының қоғамдық көлігінің жылжымалы құрамын жаңарту кезінде көзделетін болады.

 

Мақаланың шыққан күні: 08.12.2017
Қаралым саны: 1013

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, АБАЙ КӨШЕСІ, 89

8 (7162) 25-10-40, 25-19-00;

transp@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-18-65, 25-26-39