A- A A+
Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Ақмола облысының
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Автобустар және шағын автобустармен жолаушыларды тасымалдауға лицензияны қалай алуға болады

Жолаушыларды тасымалдау қауiпсiздiгiн деңгейiн арттыру, қызмет көрсету сапасын жақсарту, сондай-ақ халықаралық шарттардың талаптарын отандық заңнамаға сәйкестендiру мақсатында, Қазақстан Республикасында жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйесiз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйелi тасымалдау қызметiн лицензиялау енгiзiлген.

Бұл норма көрсетiлген қызмет түрiн тек қана барлық белгiленген талаптарға сәйкес келетiн тасымалдаушыларға — тиiстi техникалық жай-күйiнiң деңгейi және жылжымалы құрамның тиiстi жабдықтауы, қажеттi бiлiктiлiк және жүргiзушiнi медициналық қамтамасыздандыру, мiндеттi сақтандыру түрлерiнiң болуы мен т.б. жол беруiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Бұл ретте, тұрақты автомобильмен жолаушылар және багажды тасымалдауға, тасымалдаушылармен автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды, алдын-ала келiсiлген жол жүру маршруттарын, қозғалыс кестелерi белгiленген бастапқы және соңғы пункттерiн, жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiн пайдаланумен жүзеге асырылатын тасымалдаушылар жатады. Ондай тасымалдаулар куәлiк негiзiнде автовокзалдар мен автостанциялардан жүзеге асырылады, оны беру тәртiбi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң м. а. 2015 жылғы 26 наурыздағы «Жолаушылар мен жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдау Ережесiн бекiту туралы» № 349 бұйрығымен (Бұдан әрi Ереже) регламенттелiнген.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақсыз тасымалдауға заңды және жеке тұлғаларды (туристiк, экскурсиялық, iс-шараларға қызмет көрсету) бiр жолғы тапсырысы бойынша (тапсырыс бойынша), тұрақты болып табылмайтын және автобустарды, шағын автобустарды пайдаланумен жүзеге асырылатын тасымалдаушылармен, лицензиялары бар, (Тұрақты емес тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбi, сондай-ақ Ережелермен регламенттелiнген) Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 30 сәуiрдегi № 557 бұйрығының 4 қосымшасының «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйесiз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйелi тасымалдау қызметiне лицензия беру» мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес берiлген (Бұдан әрi Стандарт) тасымалдаулар жатады.

Осы мемлекеттiк қызметтi «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» ММ көрсетедi, Көкшетау қ., Абай к-сi 89, 309 каб., мекен-жайында орналасқан, жұмыс кестесi 9:00-ден 18:30-ға дейiн, интернет желiсiнiң мекен-жайы upt.akmo.gov.kz.

Мемлекеттiк қызметтi алуға өтiнiштi қабылдау жүзеге асырылады:

1.«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2.«электрондық үкiмет» веб-порталы www.egov.kz, www.elincense.kz (бұдан әрi — портал).

"жеке кабинетке" портал арқылы өтiнiм берген жағдайда орын және мемлекеттiк қызмет нәтижесiн қабылдаған күнiн көрсетiмен хабарлама жолданады.

Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

Мемлекеттiк қызмет стандартының 1, 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш (егер өтiнiш Мемлекеттiк корпорация арқылы жолданса), немесе эдектрондық құжат нысанында қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған сауал.

жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат көшiрмесi, «электрондық үкiмет» төлем шлюзi арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда (105 402 жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның 3 АЕК, (2019 ж — 7575 теңге). Алымның сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және жеке кәсiпкерлер мен зыңды тұлғалар өзiнiң орналасқан жерi бойынша, жеке тұлғалармен — тұрғылықты жерi бойынша лицензиарға сәйкес құжаттарды тапсырғанға дейiн бюджетке төленедi);

болуын растайтын құжаттардың көшiрмелерi (портал арқылы өтiнiм берген жағдайда электроннық көшiрмелер):

автобустар мен шағын автобустарды жеке немесе заңды тұлғаларға меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде иелену, 2011 жылғы 9 желтоқсанда № 877 (ТР ТС 018/2011) Кеден одағының комиссиясының шешiмiмен қабылданға «Доңғалақты көлiк құралының қауiпсiздiгi туралы» Кеден одағының техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкес «Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлiк қызметтерi. Жалпы техникалық шарттар»;

меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тасымалдаушыға тиесiлi немесе ұйыммен жасасқан қызмет көрсету туралы шарт жөндеу-өндiрiстiк базасының;

автобустар мен шағын автобустарды рейсалдынғы техникалық тексеру үшiн қызметтер мен бiлiктi персоналдың (автомобиль көлiгi саласында жоғары немесе орта бiлiмi туралы), жүргiзушiлердiң рейсалдынғы (ауысым алдындағы) медициналық тексерiлуi, немесе осындай қызметтердi жүзеге асыратын тиесiлi ұйымдармен шарттардың болуы;

тахографтарды тексеру туралы тиiстi сертификаттың көшiрмесi;

автобустар мен шағын автобустардың иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру және тасымалдаушының жолаушылар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының көшiрмелерi;

жеке тұлғалар үшiн тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгiнiң көшiрмелерi, немесе заңды тұлғалар үшiн тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгiнiң, тиiстi санаттағы көлiк құрамы жүргiзушiсiнiң жұмыс өтiлiн растайтын құжат көшiрмелерi;

тасымалдау қауiпсiздiгiн жүзеге асыратын жауапты тұлғаны анықтау туралы бұйрық көшiрмесi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде Мемлекеттiк корпорацияның жұмысшысы қызмет алушыда жоғарыда көрсетiлген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық пакетi болған кезде өтiнiшiн қабылдайды. Қызмет алушымен құжаттардың толық емес пакетiн ұсынған жағдайда Мемлекеттiк корпорацияның жұмысшысы өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.

Құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттiк корпорацияның жұмысшысы құжаттардың электрондық көшiрмесiн шығарады, содан кейiн қызмет алушыға түпнұсқасын қайтарады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi — жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйесiз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйелi тасымалдау қызметiне лицензия немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап келесi жағдайларда:

1.осы санаттағы субъектiлер үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрiмен айналысу;

2.қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш жолдаған жағдайда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымды енгiзбеу;

3.өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарға сәйкес келмеуi;

4.тиiстi келiсетiн мемлекеттiк мекемеден лицензиялау кезiнде өтiнiш берушiнiң қойылатын талаптарға сәйкес еместiгi туралы лицензиармен жауап қабылданған;

5.өтiнiш берушiге қатысты заңды күшiне енген, оған жекелеген қызмет түрлерiмен айналысуға тыйым салатын сот үкiмi бар;

6.сот орындаушысының ұсынымы негiзiнде сотпен өтiнiш берушiге лицензия алуға тиым салынған.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi қызмет алушымен Мемлекеттiк корпорацияға құжаттар пакетiн тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде порталға өтiнiш берген кезде.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат негiзiнде жүзеге асырылады, жеке куәлiгiн көрсеткен кезде (немесе оның өкiлi нотариалды куәландырған сенiмхат бойынша), ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайды қоспағанда белгiленген нысандағы төлем құжаты тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға сенiмхат.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай мерзiмiнде сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн оны қызмет берушiге әрi қарай сақтауға бередi. Қызмет алушының бiр ай өткеннен кейiн өтiнген кезде, қызмет берушi Мемлекеттiк корпорацияның сауалы бойынша бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды қызмет алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жолдайды.

Лицензиясыз қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi.

Тиiсiнше тасымалдау түрлерiн лицензиясыз жүзеге асырған жағдайлар анықталса, Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 463 бабы бойынша әкiмшiлiк iс қозғалады, материалдар сотқа берiледi.

Бұл ретте, 463 бабтың 1 бөлiмiмен 15-дан 150 айлық есептiк көрсеткiшi көлемiнде айыппұл көзделген, әкiмшiлiк бұзушылық салдарынан алынған табыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдар және не онсыз әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдар тәркiленедi.

Бiр жыл iшiнде 463 бабының 2 бөлiмiмен әкiмшiлiк жаза қолданғаннан кейiн қайта бұзушылық жасаған жағдайда 30-дан 500 айлық есептiк көрсеткiшi көлемiнде айыппұл көзделген, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдар және әкiмшiлiк бұзушылық салдарынан алынған табыс тәркiленедi.

Толық ақпаратты 8 716 2 25 18 65 телефон нөмiрi арқылы алуға болады

Мақаланың шыққан күні: 20.08.2019
Қаралым саны: 157

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, АБАЙ КӨШЕСІ, 89

8 (7162) 25-10-40, 25-19-00;

transp@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-18-65, 25-26-39