A- A A+
Ақмола облысының
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Автобустар және шағын автобустармен жолаушыларды тасымалдауға лицензияны қалай алуға болады

Жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін деңгейін арттыру, қызмет көрсету сапасын жақсарту, сондай-ақ халықаралық шарттардың талаптарын отандық заңнамаға сәйкестендіру мақсатында, Қазақстан Республикасында жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйесіз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйелі тасымалдау қызметiн лицензиялау енгізілген.

Бұл норма көрсетілген қызмет түрін тек қана барлық белгіленген талаптарға сәйкес келетін тасымалдаушыларға – тиісті техникалық жай-күйінің деңгейі және жылжымалы құрамның тиісті жабдықтауы, қажетті біліктілік және жүргізушіні медициналық қамтамасыздандыру, міндетті сақтандыру түрлерінің болуы мен т.б. жол беруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте, тұрақты автомобильмен жолаушылар және багажды тасымалдауға, тасымалдаушылармен автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды, алдын-ала келісілген жол жүру маршруттарын, қозғалыс кестелері белгіленген бастапқы және соңғы пункттерін, жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттерін пайдаланумен жүзеге асырылатын тасымалдаушылар жатады. Ондай тасымалдаулар куәлік негізінде автовокзалдар мен автостанциялардан жүзеге асырылады, оны беру тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м. а. 2015 жылғы 26 наурыздағы «Жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау Ережесін бекіту туралы» № 349 бұйрығымен (Бұдан әрі Ереже) регламенттелінген.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақсыз тасымалдауға заңды және жеке тұлғаларды (туристік, экскурсиялық, іс-шараларға қызмет көрсету) бір жолғы тапсырысы бойынша (тапсырыс бойынша), тұрақты болып табылмайтын және автобустарды, шағын автобустарды пайдаланумен жүзеге асырылатын тасымалдаушылармен, лицензиялары бар, (Тұрақты емес тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі, сондай-ақ Ережелермен регламенттелінген) Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығының 4 қосымшасының «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйесіз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйелі тасымалдау қызметiне лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес берілген (Бұдан әрі Стандарт) тасымалдаулар жатады.

Осы мемлекеттік қызметті «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ көрсетеді, Көкшетау қ., Абай к-сі 89, 309 каб., мекен-жайында орналасқан, жұмыс кестесі 9:00-ден 18:30-ға дейін, интернет желісінің мекен-жайы upt.akmo.gov.kz.

Мемлекеттік қызметті алуға өтінішті қабылдау жүзеге асырылады:

  1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
  2. «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz, www.elincense.kz (бұдан әрі – портал).

Мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

"жеке кабинетке" портал арқылы өтінім берген жағдайда орын және мемлекеттік қызмет нәтижесін қабылдаған күнін көрсетімен хабарлама жолданады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік қызмет стандартының 1, 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш (егер өтініш Мемлекеттік корпорация арқылы жолданса), немесе эдектрондық құжат нысанында қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған сауал.

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат көшірмесі, «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда (105 402 жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның 3 АЕК, (2017 ж – 6807 теңге). Алымның сомасы белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және жеке кәсіпкерлер мен зыңды тұлғалар өзінің орналасқан жері бойынша, жеке тұлғалармен - тұрғылықты жері бойынша лицензиарға сәйкес құжаттарды тапсырғанға дейін бюджетке төленеді);

болуын растайтын құжаттардың көшірмелері (портал арқылы өтінім берген жағдайда электроннық көшірмелер):

автобустар мен шағын автобустарды жеке немесе заңды тұлғаларға меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иелену, 2011 жылғы 9 желтоқсанда № 877 (ТР ТС 018/2011) Кеден одағының комиссиясының шешімімен қабылданға «Доңғалақты көлік құралының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес «Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы техникалық шарттар»;

меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі немесе ұйыммен жасасқан қызмет көрсету туралы шарт жөндеу-өндірістік базасының;

автобустар мен шағын автобустарды рейсалдынғы техникалық тексеру үшін қызметтер мен білікті персоналдың (автомобиль көлігі саласында жоғары немесе орта білімі туралы), жүргізушілердің рейсалдынғы (ауысым алдындағы) медициналық тексерілуі, немесе осындай қызметтерді жүзеге асыратын тиесілі ұйымдармен шарттардың болуы;

тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмесі;

автобустар мен шағын автобустардың иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру және тасымалдаушының жолаушылар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының көшірмелері;

жеке тұлғалар үшін тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің көшірмелері, немесе заңды тұлғалар үшін тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің, тиісті санаттағы көлік құрамы жүргізушісінің жұмыс өтілін растайтын құжат көшірмелері;

тасымалдау қауіпсіздігін жүзеге асыратын жауапты тұлғаны анықтау туралы бұйрық көшірмесі.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның жұмысшысы қызмет алушыда жоғарыда көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакеті болған кезде өтінішін қабылдайды. Қызмет алушымен құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның жұмысшысы өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорацияның жұмысшысы құжаттардың электрондық көшірмесін шығарады, содан кейін қызмет алушыға түпнұсқасын қайтарады.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі - жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйесіз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйелі тасымалдау қызметiне лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап келесі жағдайларда:

  1. осы санаттағы субъектілер үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;
  2. қызмет түріне лицензия беруге өтініш жолдаған жағдайда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды енгізбеу;
  3. өтініш берушінің біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
  4. тиісті келісетін мемлекеттік мекемеден лицензиялау кезінде өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкес еместігі туралы лицензиармен жауап қабылданған;
  5. өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген, оған жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салатын сот үкімі бар;
  6. сот орындаушысының ұсынымы негізінде сотпен өтініш берушіге лицензия алуға тиым салынған.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қызмет алушымен Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ 15 (он бес) жұмыс күні ішінде порталға өтініш берген кезде.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады, жеке куәлігін көрсеткен кезде (немесе оның өкілі нотариалды куәландырған сенімхат бойынша), ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайды қоспағанда белгіленген нысандағы төлем құжаты тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға сенімхат.

Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай мерзімінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны қызмет берушіге әрі қарай сақтауға береді. Қызмет алушының бір ай өткеннен кейін өтінген кезде, қызмет беруші Мемлекеттік корпорацияның сауалы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды қызмет алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

Лицензиясыз қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

Тиісінше тасымалдау түрлерін лицензиясыз жүзеге асырған жағдайлар анықталса, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 463 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалады, материалдар сотқа беріледі.

Бұл ретте, 463 бабтың 1 бөлімімен 30-дан 150 айлық есептік көрсеткіші көлемінде айыппұл көзделген, әкімшілік бұзушылық салдарынан алынған табыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдар және не онсыз әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдар тәркіленеді.

Бір жыл ішінде 463 бабының 2 бөлімімен әкімшілік жаза қолданғаннан кейін қайта бұзушылық жасаған жағдайда 30-дан 500 айлық есептік көрсеткіші көлемінде айыппұл көзделген, әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдар және әкімшілік бұзушылық салдарынан алынған табыс тәркіленеді.

Толық ақпаратты 8 716 2 25 18 65 телефон нөмірі арқылы алуға болады.

Мақаланың шыққан күні: 29.05.2017
Қаралым саны: 447
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

г. Кокшетау, ул. Красная, 23

8 (7162) 25-10-40, 25-19-00;

akmolauprdor@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-18-65, 25-26-39