A- A A+
Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Ақмола облысының
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
МЖӘ жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама

«Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» ММ көлiк саласындағы келесi мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобасы туралы хабарлайды:

«Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк туралы» ҚР 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 44-бабына сәйкес, әлеуеттi жекеше әрiптеспен мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобасына бастамашылық жасау туралы хабарланады.

Жоба «Фирма «СейНұр» ЖШС автопаркiн жаңарту».

Жобаны iске асыру кезеңi: 2020-2030 жж.

МЖӘ жобасының алдын ала мерзiмi 10 жыл құрайды.

Қызмет түрi: көлiк салаында.

Бюджеттен төленетiн болжамды төлемдер және (немесе) мемлекеттiк қолдау шаралары: 30% мөлшерiнде МЖӘ жобасын қосып қаржыландыру (қайтарылатын) және әлеуметтiк маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебiнен субсидиялау қағидасына сәйкес шығындарды өтеу.

Аймақта тауарлар, жұмыстар және қызметтерге нақты қажеттiлiк: Көкшетау қаласының жолаушылары үшiн қоғамдық көлiкте қауiпсiз және жайлы жүру.

Жобаның техникалық күрделi және (немесе) бiрегей жобаға жатуы: жатпайды.

Жекеше әрiптестер МЖӘ-ке келесi түрде қатысады: «Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк туралы» ҚР 2015 жылғы 31 қазандағы Заңның 31-бабына сәйкес тiкелей келiссөздер.

Жобаны ЖӘ өз және қарыз қаражаты есебiнен iске асыру жоспарланып отыр. МЖӘ жоспарланған жобасын iске асыруға қызығушылық бiлдiрген әлеуеттi жекеше әрiптестер баламалы ұсыныстар жасай алады.

Жоспарланған МЖӘ жобасын iске асыруға мүдделi әлеуеттi жекеше әрiптестер хабарламада көрсетiлген талаптарға сәйкес, сондай-ақ «Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобаларын жоспарлаудың және iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрi м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығының 130-тармағында көрсетiлген, әлеуеттi жекеше әрiптестi айқындау бойынша тiкелей келiссөздерге қатысуға өтiнiмге балама ұсыныстар жасайды.

Әлеуеттi жекеше әрiптес келесi жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болуы қажет:

1) құқық қабiлеттiлiгiнiң (заңды тұлғалар үшiн) және азаматтық әрекет қабiлеттiлiгiнiң (дара кәсiпкер үшiн) болуы;

2) төлем қабiлеттiлiгiнiң болуы, салық берешегiнiң болмауы;

3) мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шарты бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн қажеттi қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

4) банкроттық не тарату рәсiмiне жатпауға, баланстық құны тиiстi негiзгi қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкiне тыйым салынбауға тиiс, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметi тоқтатыла тұрмауға тиiс;

5) соңғы үш жыл iшiнде жасалған мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шарттары бойынша мiндеттемелердi орындамағаны және (немесе) тиiсiнше орындамағаны үшiн жосықсыз әлеуеттi жекеше әрiптес деп тану туралы заңды күшiне енген сот шешiмi негiзiнде жауаптылыққа тартылмауға тиiс.

«Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» ММ баламалы ұсыныстарды аталған хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күн iшiнде қабылдайды.

Анықтама үшiн: «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» ММ, мекенжай: Абай к-сi, 89, тел.: 8 (716 2) 25-10-40, 25-07-29, 25-18-65; Факс: 8 (716 2) 25-10-40; e-mail: transp@aqmola.gov.kz.

 

Мақаланың шыққан күні: 10.04.2020
Қаралым саны: 206
Пост наблюдения загрязнения воздуха
мкг/м3

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, АБАЙ КӨШЕСІ, 89

8 (7162) 25-10-40, 25-19-00;

transp@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-18-65, 25-26-39