A- A A+
Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Ақмола облысының
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
ХАБАРЛАМА

«Қалалық жолаушылар көлiгiн ақпараттық диспетчерлеу жүйесiмен ықпалдастырылған Көкшетау қ. Қоғамдық көлiгiнде жол ақысын төлеу мен автоматтандырылған бақылау жүйесiн енгiзу мен сүйемелдеу»(бұдан әрi — жоба) мемлекеттiк-жеке әрiптестiктi құру бойынша жеке қаржы бастамашылығында мүдденi бiлдiру жөнiнде

ХАБАРЛАМА:

«Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — басқарма), Қазақстан Республикасының «Мемлекеттi-жеке әрiптестiк туралы» Заңының (бұдан әрi — Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекiтiлгенМемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобаларын жоспарлаудың және iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы Ережеге (бұдан әрi — Ереже) сәйкес, кәсiпкерлiк субъектiлерiн, жоспарлауға қаржы және басқа ұйымдардытарту, мемлекеттi-жеке әрiптестiк жобаларын жоспарлау ашықтығын арттыру мақсатындажобаны iске асырубойынша тiкелей келiссөздергесұрау түскен туралыхабарлайды.

Жоба мақсаты:

•көлiк қызметтерi мен қалалық көлiктi кешендi жетiлдiру.

Жобаның мiндеттерi:

•жолаушылар көлiктiк кәсiпорындарыныңтүсiмдi жинау бөлiгiндежұмыс тиiмдiлiгiн арттыру;

•көлiк қызметтерiн сапалы жақсарту.

Жобаны iске асыру мерзiмi:

•2018 жылдан бастап, 10 жылдан артық емес.

МЖӘ объектiсiн құру кезеңi:

•МЖӘ шартын жасаған күннен 4 айдан артық емес.

МЖӘ объектiсiн пайдалану кезеңi:

•10 жыл.

Жобаны iске асыру орны:

•Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы.

Жобаның болжалды құны — 140 021 мың теңге, соның iшiнде:

•63 646 мың теңге — мемлекеттiк қаржыландыру;

•63 646 мың теңге — жекеше әрiптестiң ақшалай қаражаты;

•12 729 мың теңге — пайыздар акционерлiк қарыз.

Инвестициялық, операциялық шығындардың өтеу және мемлекеттiк қаржыландыру түрiнде мемлекеттiк қолдау шаралары сұралған.

Жобаны жүзеге асыру шеңберiнде көзделген, болжанатын қызмет түрлерi:

Көкшетау қаласында жол жүру ақысын төлеу және бақылау автоматты жүйесi(ЖАТБАЖ) бағдарламалық-аппараттық кешенiң (БАК) енгiзу және оны кейiннен техникалық сүйемелдеу.

Ықтимал жекеше әрiптестерге қойылатын талаптар:

Зияткерлiк шығармашылық қызмет нәтижелерiне(енгiзуге ұсынылатын автоматтандырылған жүйе) жобаны жүзеге асыру үшiн қажеттi құқықтарының болуы.

Қоғамдық жолаушылар көлiгi жүйесi үшiн көлiк құралдарының жалпы саны 200 бiрлiктен кем емес автоматты электрондық төлеу жүйесiн құру және диспетчерлiк басқару бойынша жобаларды жүзеге асырутәжiрибесiмение болу;

«Мемлекеттiк-жеке әрiптестiк туралы» Заңының 32 бабымен анықталғанжалпы бiлiктiлiк талаптарға сәйкес келуi.

Жоспарланған МЖӘ жобасын жүзеге асыруға мүдделi ықтимал жекеше әрiптестер, осы Хабарламада көрсетiлген талаптарға сәйкес балама ұсынысты, сондай-ақ Ереженiң 130 тармағында көрсетiлген жеке әрiптестi анықтау бойынша тiкелей келiссөздерде қатысуға өтiнiмге ұсынады.

Жоспарланған жоба туралы толық ақпаратты «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнде, сондай-ақ басқарманың ресми сайтындаhttp://upt.akmo.gov.kz алуға болады.

Жобаны жүзеге асыруға қызығушылық бiлдiрген жағдайда, қолма-қол немесе тапсырыстық пошталық жөнелтумен төмендегi мекен-жай бойынша сәйкес құжаттарды ұсыну қажет:

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, 020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесi 89, «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, Телефон: 8 (716 2) 25-10-40, 25-07-29; Факс: 8 (716 2) 25-10-40; e-mail: transp@akmo.kz.

Балама ұсыныстаросы Хабарлама жарияланған күннен 30 күнтiзбелiк күн iшiнде қабылданады.

Мақаланың шыққан күні: 21.06.2018
Қаралым саны: 111

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, АБАЙ КӨШЕСІ, 89

8 (7162) 25-10-40, 25-19-00;

akmolauprdor@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-18-65, 25-26-39