A- A A+
Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Ақмола облысының
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысы

Ағымдағы жылдың 25 шiлдесiнде Ақмола облысы жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы басшысының м.а., комиссия төрағасының орынбасары А.Е. Жанғасқановтың төрағалығымен Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi комиссияның отырысы өттi.

Комиссияның негiзгi мiндеттерi көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселесi бойынша ұсыныстар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар қызметiнiң келiсiлген өзара iс-қимылы бойынша ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.

Комиссия жұмысына жергiлiктi полиция қызметi, полиция департаментiнiң Әкiмшiлiк полициясы, Ақмола облысының көлiктiк бақылау инспекциясы, «Қазавтожол» АҚ, «ҚТЖ «ҰК» АҚ өкiлдерi, Ақмола жүк тасымалы және магистральдi желi бөлiмшесi, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктер қатысты.

Бекiтiлген күн тәртiбiне сәйкес отырыста 4 мәселе қаралды:

1.Ақмола облысының автомобиль жолдарын көктемгi тексеру қорытындылары және анықталған ақауларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы;

2.Ағымдағы жағдай, проблемалық мәселелер және жол-көлiк оқиғаларын азайту бойынша жүргiзiлетiн профилактикалық iс-шаралар туралы;

3.Үлкен жүк автокөлiгiнiң осiне түсетiн жүктеменi бақылау бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыс және қабылданып жатқан шаралар туралы;

4.Ақмола жол бөлiмшесi бойынша темiр жолдардағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.

Кеңес барысында автомобиль жолдарын, су өткiзу құрылыстарын, облыс орталығының көше-жол желiлерiн жөндеу, жол белгiлерiн, бағдаршамдарды және жол қозғалысын ұйымдастырудың басқа да техникалық құралдарын орнату, жасанды жарықтандыру мәселелерi көтерiлдi.

Сонымен қатар, жол-көлiк оқиғасына байланысты автомобиль жолдарында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi қаралды.

Үлкен жүк көлiгiнiң қозғалысы, оське түсетiн жүктеменi және автожолдардың инфрақұрылымы үшiн оның асып кетуi кезiндегi салдарды бақылау мәселелерi. Жергiлiктi полиция қызметi мен көлiктiк бақылау инспекциясының өзара iс-қимылы.

Ақмола жол бөлiмшесi бойынша темiр жолдардағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi қаралды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша көлiктегi қауiпсiздiктi арттыруға бағытталған күн тәртiбiнiң әрбiр мәселесi бойынша шешiмдер қабылданды және мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдар қызметiнiң келiсiлген өзара iс-қимылы бойынша ұсынымдар әзiрлендi.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2019
Қаралым саны: 198

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, АБАЙ КӨШЕСІ, 89

8 (7162) 25-10-40, 25-19-00;

transp@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 25-18-65, 25-26-39